Самат Әбішке қатысты бұлтартпау шарасы өзгермейді - Бас прокуратура

2473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/aa983bcb-a21f-4bc2-be97-cc57fa7c351e-960x500.jpeg?token=f267d5a7be1b5c844964ba5ee986fc52

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіштің бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ екенін айтты. Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Самат Әбішке қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы өз күшінде. Бүгінде бұл шара сақталып отыр. Оны өзгертуге негіз жоқ", - деді Жандос Өмірәлиев.

Сондай-ақ, ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты істі арнайы прокурорлар тергеп жатқанын айтты.

Еске салсақ, Самат Әбіш ҰҚК-нің ұсталған бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болған. Өткен жылдың шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті одан куәгер ретінде жауап алынғанын, алайда Әбішке қатысты қылмыстық істер ұлттық қауіпсіздік органдарымен тіркелмегенін, бұлтартпау шарасы қолданылмағанын хабарлады.

Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша тергеу ісін бастаған еді.
评论