БАҚ: Ауғанстанда жойқын жер сілкінісінен 500-ге жуық адам қайтыс болды

2848
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/auғanstandaғy-zher-silkinisi.jpg
Ауғанстанда жер сілкінісі кезінде 500-ге жуық адам қаза тапқан, деп "Адырна" тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Ауғанстанда 7 қазан күні жер сілкінісі тіркелген. Табиғи апаттан қайтыс болғандар саны 500-ге жетіп отыр. Бірақ билік басындағылар қираған ғимараттардың үйінділерін талдағаннан кейін құрбандар саны көбейеді деп болжап отыр. Алайда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандардың тек 14-і ғана белгілі болды. Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған үлкен жер сілкінісінен, әсіресе Зенда Джан ауданындағы төрт ауыл қатты зардап шеккен. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, сенбіде аймақта 6,3 баллдық соққы тіркелді.
评论
其他材料