Ауғанстанда жойқын жер сілкінісі болды

2599
Adyrna.kz Telegram
фото: Inbusiness.kz
фото: Inbusiness.kz

Ауғанстанда магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды. Сейсмикалық дүмпулер 272 мың адам тұратын Герат қаласынан 40 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте орын алған, деп хабарлайды«Адырна» ұлттық порталы.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен 13:13-те болды. Сейсмикалық оқиғалардың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1521 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Табиғи апаттың энергетикалық класы 13,9 және магнитудасы MPV 6,4, тереңдігі 10 километр болды. Ешқандай елеулі әсерлер хабарланбаған.

Еске салайық, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі кезінде құлауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар әкім Ерболат Досаевқа көпқабатты үйлерді бұзуды ұсынған болатын.

 «Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер