ШҚО-да Ленин ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция жарияланды

2419
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/61a746e8098ab590508517.jpg

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында орналасқан Владимир Лениннің ескерткішін қалпына келтіруге қарсы петиция пайда болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы

Қазіргі кезде құжатты 1196 адам қолдаса, 247-і қарсылығын білдіріп, қол қойған. Петицияның авторы Айгүл Мырзағалиева Ленинді кез келген ымыраға келу идеясын түбегейлі жоққа шығарғанын және мәселені шешудің жолы ретінде зорлық-зомбылықтың принципті жақтаушысы болғанын айтады.
«Ол КСРО-ны көптеген халықтардың сүйегі мен қанына толтырды, соның ішінде қазақ ұлтын да қырып-жойды. Соның ішінде голодомор, қуғын-сүргін, соғыс, жер аудару, Семей полигонындағы ядролық сынақтар, тартылып қалған Арал теңізі, т.б. айтуға болады» - деп жазған петиция авторы.
Сонымен қатар, петицияда:
«Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, оның өзіндік тарихы мен мәдениеті бар. Мемлекетіміздің құрылуына, нығаюына, дамуына шынайы ықпал еткен, халық жадында мәңгілікке қалуға шын мәнінде лайықты ақын-жазушылар, ғалымдар, батырлар, хандар баршылық» делінген.

«Адырна» ұлттық порталы

         
评论
其他材料