Отандық лоукостер - Fly Arystan әуе компаниясының алғашқы жолаушылары елордаға Роза Бағланова атындағы Airbus A320 ұшағымен ұшып келді. Еліміздегі алғашқы лоукостер – Fly Arystan бюджеттік әуе компаниясы Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Назарбаевтың тапсырмасы орындалды"
Алғашқы ұшақты қарсы алуға "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "Эйр Астана" компаниясы тобының президенті Питер Фостер келді.
"Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр және "Эйр Астана" компаниясы тобының президенті Питер Фостер.
"Осыдан тура жарты жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа тиімді, арзан әуе компаниясын ашу туралы тапсырма берген еді. Сол тапсырма бүгін орындалып отыр. Үлкен жүйелі жұмыс атқарылды. Бірінші ұшақ Алматыдан елордамызға қонды. Бүгінгі күннен бастап енді Қазақстанның басқа да қалаларына бағыттар ашылады. Бүгін біз үшін айтулы күн десек те болады", - деді Есімов.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Қазақстанда жыл сайын әуе жолаушыларының саны артып келе жатқанын тілге тиек етті. Мәселен, былтыр шамамен 8 миллион жолаушы тасымалданған, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 6 процентке артық.
"Бүгінде халықаралық практикадан көріп отырғанымыздай, әуе жолаушылары үшін шығыны аз лоукостерлер белсенді дамып келеді. Олар қарқыны жағынан классикалық әуе компанияларын басып озуда", - деді Скляр.
Билеті арзан әуе компаниясының жоспары қандай
"Эйр Астана" компаниясы тобының президенті Питер Фостер журналистерге қазақстандық лоукостердің жоспары туралы айтып берді. "Қазір бұл ұшақ Таразға, Қарағанды, Оралға ұшады. Осы айда Павлодар мен Шымкентке рейстер ашылады", - деді ол. Оның айтуынша, алдағы уақытта халықаралық рейстер ашу жоспарланып отыр.
© SPUTNIK / АБЗАЛ КАЛИЕВ.
"Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр және "Эйр Астана" компаниясы тобының президенті Питер Фостер
"2020 жылға жоспарлап отырмыз. Ыстықкөл мен Алакөл бағыттарын қарастырып жатырмыз. Бірақ нақты датасын айта алмаймын", - деді ол.
Ұшақтағы тамақтың бағасы
Руслан Тагаев Fly Arystan-ның алғашқы жолаушыларының бірі. Алматыдан ұшып келген фотограф отандық лоукостердің қызметіне дән риза. "Бизнес класс жоқ, бәрі бір жерде отырады. Тар емес, орындықтары да ыңғайлы, жайлы", - дейді ол.

"Мәселен, Алматы мен Тараз арасында билет бағасы 4 мыңнан басталады. Ал Алматыдан Нұр-Сұлтанға 7 мың теңгеден, Оралға 12 мың теңгеден басталады", - деді Жайлауова.
Биыл, оның айтуынша, отандық лоукостер 700 мың адамды, келесі жылы 2,5 миллион, ал 2022 жылы 4 миллион жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Fly Arystan ұшақтарының орташа жасы 6 жылды құрайды.