Депутат Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан қыз полицияға жүгінбегені айтылды

2746
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/izobrazhenie_2023-09-06_170047896.png
Алматы полициясы Дәулет Тұрлыхановтың ұлымен болған оқиғаға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды  "Адырна" порталы.  Тәртіп сақшыларының айтуынша, жағдайға қатысты анықтау шараларының бәрі жасалған. "Алматы полиция департаменті бұл факті бойынша ішкі істер органдарына арыз-шағым түспегенін хабарлайды. Дегенмен, жағдайға қатысы барлар анықталды. Олар оқиғаның сол күні біткенін, ешкімге талап-арызының жоқтығын айтып, полицияға арызданудан бас тартты», - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болған. Мәжілісмен журналистерге бұл жағдайдан бейхабар екенін, олардан жаңа ғана білгенін айтты. Кейін депутат кең тараған видеоның ақпараттық шабуыл екенін айтты.
评论