Депутат Тұрлыхановтың тағы бір ұлы әйелге қол көтергені айтылды (ВИДЕО)

2976
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы әйелді ұрды деп айыпталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«Ешқандай таңғалатын дүние жоқ, жай Instagram желісінде бір әйел соққыға жығылғаны туралы видео жариялады. Иә, жағдайға кінәлі деп депутат Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы қарастырылып отыр», - деп жазды журналист Михаил Козачков сәрсенбі күні өзінің Telegram-каналында тиісті видеоны жариялап.

Оқиғадағы кадрларды _eva._t Instagram қолданушысы орналастырған.

«Депутаттардың ұлдары әкесінің атын осылай қорлайды! Мынау Тұрлыханов Әкежан Дәулетұлы деген кісінің жолын бірде-бір қыз қимайды деп сенемін», - деп жазды әйел.

Ол сондай-ақ денесіндегі жарақаттар мен көгерген жерлерін көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда адвокат Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновқа шабуыл жасалған болатын. Олар жас жігіттің қорлауында қалған қызды қорғамақ болған. Шабуыл жасаған адам депутат Тұрлыхановтың ұлы әскери қызметкер Нұрасыл Болат екені белгілі болды. Кейінірек парламентарий бұл ақпаратты журналистерге растады.

3 шілдеде Болат ұлының әскери бөлімнен қашып кеткені белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты Қорғаныс министрлігі ресми түрде растады. 4 шілде күні таңертең қорғаныс ведомствосы Болатты әскери полиция қызметкерлері тауып, бөлімшеге жеткізгенін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер