Ең пайдалы инвестиция қандай деп ойлайсыздар? Әрине, жастарға салынған инвестиция. Көптеген мемлекеттерде жастар саясаты инвестицияның негізгі бағыты болып табылады, өйткені ол болашақта тұрақты қоғам құруда шешуші рөл атқарады.
Қазіргі уақытта әлемде 7.7 млрд астам тұрғындардың 10 бен 29 жас аралығындағы жастардың саны 1,8 млрдтан асады. Жастар үлесі әлемде жыл санап өсіп келеді. Бұл әсіресе Орталық Азия елдерінде анық байқалады.
Ресми статистикаға сәйкес, бүгінде Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 4 миллионға жуық адамды құрайды, оның 2,3 миллионы қалада, 1,7 миллионы ауылда тұрады.
Жастар өздері өмір сүретін қоғамда әділ және тең мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз етуді талап ететіндіктен, олардың алдында тұрған көптеген мәселелерді шешу қажеттілігі бұрынғыдан да өткір бола бастады. Жастар үшін өзекті мәселелер қатарына білім алу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және баспанамен байланысты.
Қазақстанда жастар қоғамның ең белсенді бөлігі. Қазіргі әлемде кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі мен жетістігі жастардың білімімен, шығармашылығымен және еңбекқорлығымен анықталады.
2019 жылы Президент қызметіне кіріскен Қ.К.Тоқаев жаңашылықа жақын саясаткер ретінде өз жұмысы үшін бірінші кезектегі 10 міндеттің бірі жастарды қолдау деп атады. Реформаларды кезең-кезеңмен жүргізуді жоспарлай отырып, Президент жастарды қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Онда жұмыспен қамту, сапалы білім беру, тұрғын үй, әлеуметтену және басқа мәселелерді шешу бойынша 10 бағыт қарастырылған. Болашақта ұлт бәсекеге қабілетті болуы үшін жастарға инвестицияны арттыруымыз қажет. Елдегі қарқынды өзгерістер орын алатын болса, ол жастарға тікелей байланысты болады.
Президенттің бастамасымен мемлекетімізде жастарды қолдау бағытында келесі шаралар іске асуда:
- Дарынды жастарды қолдау үшін 3 миллион теңге көлемінде «Тәуелсіздік Ұрпақтары» гранты тағайындалды.
- Жас ғалымдар үшін Президенттің тапсырмасы бойынша әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 1000 грант бөлінді.
- Жастар стартаптарына гранттар ұлғайтылды. Жастар үшін Бизнеске арналған гранттардың мөлшері 200 АЕК – тен 400 АЕК-ке дейін-шамамен 1,2 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
- 2023 жылы жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын несиелендірудің жеке тетігі іске қосылады.
- «Президенттік Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асты. Жобаның мақсаты - жастар үшін ашық әлеуметтік лифт құру. МҚІА мәліметтері бойынша 300 резервшінің 219-ы әртүрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарға орналастырылған.
- 2020-2022 жылдары Стипендиялар ұлғайтылды. Қазір студенттер 36 660 теңге, педагогикалық мамандықтар студенттері - 58 800 теңгеге дейін., магистранттар - 86 987 теңгеге дейін., докторанттарға- 195 000 теңге стипендия алады.
Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ