«Таза Қазақстан» акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны өткізілді

165
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/k4neWGFWSK1n5CspYqQuuU58LsziaShmHX4uqXH6.jpg

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «EcoHackathon Jetisu: Жасыл болашақ» экологиялық хакатоны ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру, табиғатты сақтау бағытында тың идеялар мен инновациялық жобаларды әзірлеуге ынталандыру болды. Сонымен қатар жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларын қолдауға басымдық берілді.

- Хакатон барысында қатысушылар командаларға бөлініп, табиғатты қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, қоршаған ортаның ластануын азайту, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, су ресурстарын үнемдеу, аумақтарды көгалдандыру, жасыл технологияларды енгізу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тақырыптары бойынша жобалар әзірледі.

Қатысушылар өз идеяларын нақты жобалық ұсыныстарға айналдырып, олардың тиімділігі мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін таныстырды. Сондай-ақ командалық жұмыс, креативті ойлау, мәселені талдау және оны шешудің оңтайлы жолдарын ұсыну дағдыларын көрсетті.

Хакатон жастардың экологиялық мәселелерді талқылап қана қоймай, оларды шешуге бағытталған нақты бастамалар мен практикалық ұсыныстар әзірлеуіне мүмкіндік берді. Ұсынылған жобалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және табиғатты қорғау мәдениетін дамытуға бағытталды, - деді «Tomorrow School Taldykorgan» департаментінің менторы Арсен Орынбас.

评论
其他材料