Алматыда Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына көше ашылды

533
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XqP6fdyvO2MIVeBdrVGQp9xxQvaNVekS3HE8OgWr.jpg

28 қазанда Алматы қаласының Алатау ауданында көрнекті ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілген көшенің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара ғалымның туғанына 110 жыл толуы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған. Бұл туралы ғалымның қызы, профессор Дина Мұхамедхан айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның сөзінше, көшенің ашылуы – тарихи әділеттілікті қалпына келтірудің, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсетудің және ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың көрінісі.

Көшенің ашылу салтанатынан кейін Alatau Creative Hub орталығында «Қайым Мұхамедханов – ұлт руханиятының шамшырағы» атты әдеби-танымдық, музыкалық-поэзиялық кеш өткен. Іс-шараны Алматы қаласы кітапханалар бірлестігі, Жазушылар кітапханасы және А. П. Чехов атындағы кітапхана ұйымдастырған.

Кеш барысында «Алатау» театрының әртістері, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, мектеп оқушылары, ақындар мен әншілер өнер көрсеткен. Қатысушылар ғалымға арналған өлеңдер оқып, әндер орындаған.

Дина Қайымқызының мәліметінше, отбасы ғалымның архивін сақтап, оның ғылыми және мәдени мұрасын көпшілікке жеткізу жұмысын жалғастырып келеді. Архив материалдары негізінде осы уақытқа дейін 30-дан астам кітап жарық көрген. Салтанатты кеш аясында Alatau Creative Hub кітапханасына да кітаптар сыйға тартылды.

评论