Әйел құқығын қорғаған қырғыз қайраткері Роза Айтматова өмірден өтті

392
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rtXqpQj35cPPqxEt9jmQli3VSIqZ9C0KH6B8jxw0.webp

Фото: t.me/news24kg

Қырғызстанның қоғам қайраткері, ғалым Роза Айтматова 89 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Роза (Розетта) Айтматова — мемлекет және қоғам қайраткері Төреқұл Айтматовтың қызы, әйгілі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы.

Ол Қырғызстанның білім беру саласының дамуына үлес қосып, физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған. Сонымен қатар әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың қоғамдағы рөлін арттыру және көшбасшылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс істеген. Роза Айтматова «Әйелдерге көмек көрсету орталығын» басқарған.

Мәдениет пен ағарту саласына сіңірген еңбегі үшін ол Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.

Еске салсақ, бұған дейін Роза Айтматова Қырғызстан үкіметіне өтініш жолдап, 2028 жылы атап өту жоспарланған Шыңғыс Айтматовтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойды өткізбеуді сұраған болатын.

评论