Путин ресейліктерге тағы да жолдау арнамайтын болды

309
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uV9zRp3jLAUjI0ACfYX00sAZKDNVtlaQLkloQs4T.jpg

Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылы Федералдық жиналысқа жолдау жасамайды. Бұл туралы 25 қазанда мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі DW-ге сілтеме жасап.

Ол Путин Федералдық жиналысқа жолдауды «өзі қажет деп тапқан кезде» жариялайтынын атап өтті.

Ресей президентінің жыл сайын Федералдық жиналысқа жолдау жасау міндеті Ресей Конституциясының 84-бабының «е» тармақшасында бекітілген.

Өткен жылы да Путин Федералдық жиналысқа жолдау жасаған жоқ. Ол соңғы рет 2024 жылғы 29 ақпанда, президенттік бесінші мерзімге сайланардан аз уақыт бұрын сөз сөйлеген. Сол кезде Путин жаңа ұлттық жобалардың басталатынын жариялап, іс жүзінде өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынған.

Ресей президентінің 2022 жылғы 30 қыркүйекте Федералдық жиналыс алдында сөйлеген сөзі Украинаның аннексияланған аумақтарын Ресей құрамына қосу туралы келісімдерге қол қою рәсіміне орайластырылған еді. Әңгіме өзін-өзі жариялаған «ДХР» мен «ЛХР», сондай-ақ Украинаның Ресей әскерлері басып алған Херсон және Запорожье облыстарының бөліктері туралы болды. Кремльдің Үлкен сарайындағы Георгий залында жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Путин негізінен Ресейдің Батыспен және «англосакстармен» текетіресіне басымдық берген.

评论