Жетісуда жаңа күн электр станциясы іске қосылды: жаңартылатын энергия көздері нысандарының саны 20-ға жетті

276
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3pySzPDXqnPLRF9fkURPoRpPQ1Ei8kqkXsUo5Wrb.jpg

Жетісу облысында жаңартылатын энергетиканы дамыту жұмыстары жалғасуда. Республика күні қарсаңында өңірде қуаты 40 МВт болатын күн электр станциясы іске қосылды. Жаңа нысан пайдалануға берілген соң облыстағы жаңартылатын энергия көздері нысандарының саны 20-ға жетті. Өңірдің электр энергетикасының жалпы белгіленген қуаты 370 МВт болса, оның 291 МВт-ы жаңартылатын энергия көздері нысандарына тиесілі,  деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Панфилов ауданында «Жаркент-2» күн электр станциясы пайдалануға берілді. Құны 5,8 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық жоба өңірдің энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға, экологиялық жүктемені азайтуға, сондай-ақ Қорғас агломерациясындағы тұрғын үйлер мен қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорындарды тұрақты әрі таза электр энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Асет Қанағатов қатысты.

– Жетісу облысының табиғи ресурстары жаңартылатын энергия көздерін дамытуға зор мүмкіндік береді. Осыған байланысты облыс әкімінің басшылығымен өңірде жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бүгінде облыста 15 гидроэлектр станциясы, қуаты әртүрлі 2 жел электр станциясы және осы нысанны қоса алғанда 3 күн электр станциясы жұмыс істейді. Бүгінгі күн электр станциясының іске қосылуы генерациялау қуатын арттырып, өңірдің электрмен жабдықтау сенімділігін нығайта алады, - деді А. Қанағатов.

Жоба туралы толығырақ «Jetisu Terra Power» ЖШС директоры Денис Царев баяндап берді.

- Біз қуаты 20 МВт болатын «Жаркент-2» күн электр станциясын іске қостық. Бұл станция жылына 33 млн кВт-қа дейін таза электр энергиясын өндіре алады. Бұл Жаркент қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұл – өңірде жүзеге асырған екінші жобамыз. Наурыз айында осындай көрсеткіштері бар күн электр станциясын іске қосқан болатынбыз. Осылайша, екі станцияның жалпы қуаты 40 МВт-қа жетті, – деді ол.

- Электр энергиясының жетіспеушілігінің алдын алу үшін алдымызда жасыл энергетиканы дамыту мінеді тұр. Осы міндетке орай аумағы 50 гектар жерге 62 мың күн панелі қойылды. Әр панельдің қуаты 650-680 Вт. Таңғы 5-тен кешке дейін энергия өндіреді. Жалпы қуаты – 40 МВт. Станцияда 20 адам жұмыс істейді, - деді станция директоры Серікбай Көбелеков.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту өңірдегі басым бағыттардың бірі болып қала береді. 2026-2028 жылдары жалпы қуаты 170 МВт-тан асатын тағы 9 жаңартылатын энергия көздері нысанын пайдалануға беру жоспарланған.

评论
其他材料