Азия Пара ойындары. Қазақстан қоржынына тағы бес медаль түсті

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RjKBWAO1CX6CFn7RipwKPNqfVvv3VNYaZNV13Aqp.webp

Фото: Спорт және туризм министрлігі

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы тағы бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады “Адырна”.

«Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бірнеше жүлдемен толықты», – делінген жұма күні жарияланған хабарламада.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, парадзюдодан 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, J2 класында сынға түскен Жанбота Аманжол күміс медаль иеленді.

Садақ атудан W1 класындағы ерлер арасындағы жарыста Нұршат Төлеуқасым қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Таиланд өкілі Супхават Самутчайякиджді 6:2 есебімен жеңді.

Ядро лақтырудан F36 класында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы екі медальмен толықты. Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алса, Иван Зелезняк 12,71 метр көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ параүстел теннисінен Марат Сұртбаев пен Алтынай Ержанқызы Қазақстан құрамасына тағы екі қола медаль сыйлады.

Аралас жұптық сында XD20 класында өнер көрсеткен қазақстандық жұп жартылай финалда Гонконг спортшылары Лам Ян Ю мен Вонг Хон Ламға есе жіберді. Қарсыластар үш сетте де басым түсіп, 11:7, 11:4 және 11:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық спортшылар қола медаль иеленді.

Осы нәтижелерден кейін Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны 41-ге жетті. Оның ішінде 10 алтын, 12 күміс және 19 қола медаль бар.

评论