Шекарада есірткіге қатысты күдікпен ұсталған Navai Ресейге қайтты

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LgGZnlByN1UhEwYmZ26E3qw4IyFOQtCgv7ZsLY08.webp

Қазақстанда есірткі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған ресейлік рэперге қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіз бойынша тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Әншінің өзі елден шығарылды. Алайда бұл шешім оның сотталғанын білдірмейді.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Абзал Қасымжановтың түсіндіруінше, іс әншінің шын өкінуіне байланысты тоқтатылған. Бұл жағдайда адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады, бірақ ақталған болып саналмайды.

Адвокаттың айтуынша, шын өкіну негізінде істі тоқтату кезінде адамның жеке басы, кінәсін мойындап келуі, тергеуге көмектесуі және келтірілген зиянды өтеуі сияқты мән-жайлар ескеріледі. Алайда полицияның хабарламасында Navai-ға қатысты нақты қандай әрекеттер негізге алынғаны көрсетілмеген.

Адвокаттың мәліметінше, әншінің соттылығы жоқ. Егер қылмыстық іс сотқа дейін тоқтатылып, айыптау үкімі шығарылмаса, соттылық туындамайды. Дегенмен, қылмыстық іс бойынша мәліметтер мемлекеттік дерекқорларда сақталуы мүмкін.

Адвокаттың түсіндіруінше, сот шешімімен елден шығарылған шетелдікке Қазақстанға кіруге бес жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. Бұл мерзім елден шығару туралы шешім орындалған күннен бастап есептеледі. Сондықтан Navai-дың Қазақстанға нақты қашан орала алатынын анықтау үшін тиісті шешімнің орындалған күнін білу қажет. Жарияланған ақпаратта бұл мәлімет нақтыланбаған.

Еске салайық, 14 қазанда ресейлік рэпер Navai-дың Қазақстанда ұсталғаны хабарланған еді.

评论