12 млрд долларлық келісім. Өзбекстан АҚШ-пен серіктестікті күшейтеді

267
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YzvI2lM4TzWbLl75UV9QtQkRPQ15LkyKX5Oxblv9.webp

Өзбекстан мен АҚШ-тың іскерлік өкілдері Самарқандта жалпы құны 12 млрд доллар болатын 54 ынтымақтастық келісіміне қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Бұл туралы «Газета.uz» хабарлады.

Келісімдер АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бастаған делегацияның Өзбекстанға сапары аясында жасалды.

БАҚ мәліметінше, құжаттар өнеркәсіп, көлік және энергетика инфрақұрылымы, стратегиялық маңызы бар минералдар, қаржы секторы, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларын қамтиды. Тараптар инвестициялық, технологиялық және сауда ынтымақтастығын дамытуды көздейді.

Атап айтқанда, Franklin Templeton, Oppenheimer & Co., Citigroup және BlackRock компанияларымен жасалған келісімдер өзбекстандық компаниялардың халықаралық капитал нарықтарына шығуына, институционалдық инвесторларды тартуға және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

Wabtec компаниясымен жасалған келісім теміржол техникасы мен оның бөлшектерін жергілікті жерде өндіруді дамытуға мүмкіндік береді. Ал GE Aerospace компаниясы Uzbekistan Airways әуе компаниясының жаңа ұшақтарына арналған қозғалтқыштарды жеткізеді.

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық ReElement Technologies, Traxys және Trafigura компанияларымен жасалған келісімдер арқылы бекітілді. Құжаттар пайдалы қазбалар кен орындарын зерттеу мен игеруді, технология алмасуды және стратегиялық маңызы бар минералдарды қоса алғанда, табиғи ресурстарды жеткізуді қамтиды.

Сонымен қатар Amazon Leo компаниясымен жасалған келісімдер спутниктік байланысты дамытуға, GE HealthCare компаниясымен жасалған келісімдер заманауи медициналық технологияларды енгізуге, ал Valmont Industries компаниясымен ынтымақтастық ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Марко Рубионың Самарқандқа сапары аясында «Орталық Азия – АҚШ» (C5+1) форматындағы келіссөздердің іскерлік бағдарламасы 19 қазанда Welcome & Orientation атты кіріспе сессиясымен басталды. Іс-шараны Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі Америкалық-Өзбек сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Министрліктің мәліметінше, іскерлік бағдарламаға 400-ден астам компанияның өкілдері қатысуда. Олардың қатарында АҚШ-тың 100-ден астам, Орталық Азияның басқа елдерінен 100 және Өзбекстанның 200 кәсіпорны бар.

相关新闻

评论
相关新闻