Қазақстан көгінде апаттық дабыл сигналын қосқан ұшақ Омбыға қонды

223
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AOF01VmTR4znB2jMAIZ9h6pBlkfqd2K2ltAwP2jC.jpg

Қазақстанның әуе кеңістігінде апаттық дабыл сигналын берген S7 Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Омбы әуежайына жоспардан тыс қонды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі «Интерфакс» агенттігіне айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұшақ сәтті қонды, ешқандай оқыс оқиға болған жоқ», – деді әуежай өкілі.

Boeing 737-800 ұшағы Новосібірден Махачкалаға бағыт алған S7 7099 рейсін орындаған.

Бұған дейін әуе компаниясының өкілі техникалық ақауға байланысты Новосібір – Махачкала бағытындағы S7 7099 рейсінің экипажы Омбы қаласындағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдағанын растаған. Ал бұған дейін төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері ұшақтың ұшу бағытын күрт өзгертіп, Ресей шекарасына қарай бет алғанын хабарлаған. Ұшақ Астана уақытымен сағат 13:08-де Омбыға қонған.

Flightradar24 сервисінің мәліметінше, әуе кемесінің транспондерінде төтенше жағдайды білдіретін 7700 коды орнатылған.

7700 коды - бұл әуе кемесінің экипажы борттағы төтенше жағдай туралы диспетчерлерге хабарлау үшін борттық жауап бергіш арқылы жолдайтын жалпы апат коды.

 

 

评论