Премьердің бірінші орынбасары - білім және ғылым министрі қызметі енгізілді

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/YLldA5dT9vejtQNt3No668kMK3SmoD4JYJhHtcWe.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев үкімет құрылымында жаңа лауазым енгізді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Ферғана дерегінше, премьер-министрдің бірінші орынбасары – білім және ғылым министрі қызметіне Эркинжон Турдимов тағайындалды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ол Сырдария облысының әкімі қызметін атқарған.

Сонымен қатар білім, ғылым және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі хатшылық құрылды. Жаңа вице-премьерге республикалық министрліктердің, комитеттер мен агенттіктердің жұмысын үйлестіру, сондай-ақ облыстар мен Ташкент қаласы әкімдерінің қызметін қадағалау міндеті жүктелді. Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуын президент әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева бақылайды.

Эркинжон Турдимов 1969 жылғы 10 шілдеде Самарқанд облысында дүниеге келген. 1991 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Науаи, Сұрхандария, Самарқанд және Сырдария облыстарын басқарған.

Айта кетейік, Өзбекстанда Білім және ғылым министрлігі 2026 жылғы 3 қазанда мектепке дейінгі және мектептік білім беру, сондай-ақ жоғары білім, ғылым және инновациялар министрліктерін біріктіру арқылы құрылған.

评论