Ташкентте ақшасын жоғалтқан Қазақстан азаматына қаржысы қайтарылды

121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KrcuZuH0U7Z7Eg6uHP0YZ7YXE9LV6dDfDtRfwEzp.webp

Ташкентке көлік сатып алуға барған Қазақстан азаматы метрода жоғалтып алған 10 мың долларын толық көлемде қайтарып алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ташкент метрополитені баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылардың бірі станциялардың бірінен шетел валютасы салынған пакетті тауып, оны метроның қауіпсіздік қызметкерлеріне тапсырған.

Өзбекстан ІІМ хабарлауынша, ақшаның иесін анықтау үшін Face ID жүйесі қолданылған. Нәтижесінде 10 мың доллар заңды иесіне қайтарылды.

Ақшаның иесі қаражат жоғалғанын автонарыққа барған кезде ғана байқаған. Оның айтуынша, ол «Алмазар» станциясынан «Сіргелі» бағытына қарай келе жатқанда сөмкесінен ақша түсіп қалғанын байқамай қалған.

Қазақстан азаматы ақшасын тауып, қайтаруға көмектескен метро қызметкерлері мен Өзбекстанның ішкі істер органдарына алғыс білдірді.

评论