Маймақтар Моңғолияда да маза бермей тұр

88
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ygZ8J7PQpFRSXuEGJJHEPGK635FSBzWEZHo0p3hS.webp

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырдың маңында аю ер адамды өлтірген, деп хабарлайды “Адырна” Взгляд-қа сілтеп.

Жыртқышты іздеу жұмыстары шамамен 20 сағатқа созылған.

Мәліметке сәйкес, аюды іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен еріктілерден құралған 47 адам қатысты. Іздестіру тобы алты топқа бөлініп, тұзақтар мен жылу камерасымен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланған.

Нәтижесінде жұмаға қараған түні шамамен алты жастағы аталық аю қолға түсті. Жануар қауіпсіз жерге жеткізілген. Мамандар оның адамға шабуыл жасау оқиғасына қатысы бар-жоғын анықтайды.

Оқиға 8 қазанға қараған түні Ұлан-Батырдың Баянзүрх ауданындағы жайылымдық аумақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, аю қоршауы жоқ жазғы үйді қиратып, сол жерде болған ер адам мен әйелге шабуыл жасаған. Әйел ауыр жарақат алған. 

Моңғолия астанасының қоршаған ортаны қорғау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Ұлан-Батырдың шет аймақтарында жыртқыштардың пайда болуына қатысты 24 хабарлама тіркелген. Ал ел бойынша тұрғындар аюлардың елді мекендерге кіруіне байланысты 754 рет хабарласқан. Мұндай жағдайлардың 80 пайызында аюлар қонжықтарымен бірге жүрген.

评论