Президент Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жасады

142
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZKeYLTJyCOzT9IjAlruHiIQRfqCBYAtYg5vv31Xd.webp

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жүргізді. Бұл туралы бүгін, 5 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына кірісті.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің үш бірдей басшысын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.

评论
其他材料