Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жүргізді. Бұл туралы бүгін, 5 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президент өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды.
Сондай-ақ Азамат Хасенов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымына кірісті.
Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің үш бірдей басшысын қызметінен босату туралы шешім қабылдаған болатын.
Новости по теме
Если политическая реформа - это смена механизмов, то «Адал азамат» - это смена ментальности – эксперт о реформах Токаева
