Сенаттан кетті — алқаға жетті. Әшімбаев қазіргі әрекетін айтты

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/r6KIXJAoc2qZf2EEXPGbppRF1D8yhvHvKeMgnSuc.jpg

 

Фото: Ақорда

Сенат төрағалығынан кеткен Мәулен Әшімбаев немен айналысып жүргенін айтты. Ол Шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы үшін» халықаралық сыйлығының қазылар алқасының құрамына кірді. Бұл туралы Мәулен Әшімбаев әлеуметтік парақшасында жазды,деп хабарлайды “Адырна”.

Әшімбаевтың айтуынша, ол Шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы үшін» халықаралық сыйлығының 2027 жылғы лауреаттарын анықтайтын қазылар алқасының құрамына енген.

Қазылар алқасына оны әл-Азһардың Бас имамы Ахмед ат-Тайебтің ұсынысымен енгізген.

«2027 жылғы лауреаттарды анықтау жөніндегі қазылар алқасының құрамына енгенім мен үшін үлкен мәртебе», – деп жазды Сенат төрағасы.

Оның мәліметінше, қазылар алқасының құрамына Португалияның бұрынғы президенті Марселу Ребелу де Соуза, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі бұрынғы Жоғарғы комиссары, Ирактың бұрынғы президенті Бархам Салех, Ливанның бірінші ханымы Нехмат Аун және Папа кеңесінің мәдениет жөніндегі бұрынғы төрағасы кардинал Джанфранко Равази кірген.

Шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы үшін» сыйлығы мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты, бейбітшілік пен өзара түсіністікті дамытуға үлес қосқан адамдар мен ұйымдарға беріледі.

Әшімбаев бұл жұмысты Қазақстанның мәдениетаралық және дінаралық диалог саласында жинақтаған тәжірибесін халықаралық деңгейде таныстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазылар алқасының құрамындағы жұмыс бейбітшілік пен өзара түсіністік құндылықтарын ілгерілетуге, сондай-ақ Қазақстанның мәдениетаралық және дінаралық диалог саласында жинақтаған тәжірибесін таныстыруға үлес қосуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді ол.

评论