Біріккен Араб Әмірліктері мен Израиль басшылығы арасындағы байланыстар жабық келіссөздердің мазмұны туралы ақпарат қоғам назарын аударды, деп хабарлайды "Адырна".
Шетелдік БАҚ дерегінше, БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян 27 қыркүйекте Абу-Дабиде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қабылдады.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды және оны нығайту жолдарын талқылаған. Израиль премьер-министрінің кеңсесі Нетаньяхудың БАӘ-ге президенттің шақыруымен барғанын хабарлады. Келіссөздер барысында өңірдегі өзекті мәселелер де қаралған.
Нетаньяхумен бірге Абу-Дабиге Израиль Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің және «Моссад» барлау қызметінің басшылары, премьер-министрдің әскери хатшысы және сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі барған.
Reuters агенттігі келіссөздердің негізгі тақырыбы Иран болғанын хабарлады. Алайда Нетаньяхудың кеңсесі талқыланған өңірлік мәселелердің нақты тізімін жарияламады.
Ал Haaretz 28 қыркүйекте аты-жөні аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап, Нетаньяху кездесуде БАӘ президентінен аталған телефон арқылы сөйлесу туралы ақпаратты жоққа шығаруды сұрағанын жазды. Басылымның мәліметінше, Израиль премьер-министрі сондай-ақ 2023 жылғы 7 қазан қарсаңындағы оқиғаларға қатысты өзін «ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін» өзге де мәліметтерді жоққа шығаруды және БАӘ басшысының «моральдық қолдауын» сұраған.
Израиль мен БАӘ 2020 жылы «Авраам келісімдері» аясында дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан.
