Теңіз түбінен келетін Транскаспий желісі жыл соңына дейін іске қосылмақ

145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qypGdBB4gEW0EsWx00aesNM6vfQx9S0vkuiRdnrE.jpg

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы талшықты-оптикалық байланыс желісі 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы Бакуде өткен II Әзербайжан халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Report агенттігіне сілтеме жасап.

«Осы жылдың соңына дейін Әзербайжан мен Қазақстанды Каспий теңізінің түбі арқылы жалғайтын кабельді іске қосамыз. Бұл да біздің артықшылықтарымыздың бірі», – деді президент.

Каспий теңізінің түбімен тартылатын Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі – «Цифрлық Жібек жолы» жобасының бір бөлігі. Жоба Еуропа мен Азия арасында цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды көздейді.

Су асты талшықты-оптикалық байланыс желісі Ақтау – Сумғайыт бағыты бойынша өтеді. Оның өткізу қабілеті секундына 400 терабитке дейін жетеді.

评论