Қарин Маңғыстаудағы оқиғаға байланысты мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6z2jLyyuLeUeyht69gEasbFfgMf7oPftXayw3Uue.webp

Вице-президент Ерлан Қарин Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шешімдерді жүзеге асыру шаралары мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының барысын талқылаған кеңес өткізді. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Маңғыстауда болған қайғылы жағдайға байланысты мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар мен шешімдерді жүзеге асыру, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және басқа да маңызды мәселелер талқыланды. Мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың өзара үйлесімді жұмысын қамтамыз етуге де басты назар аударылды»,– делінген хабарламада.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 19 әскери қызметкерді теңіз алып кеткен еді. Оқиға салдарынан 14 әскери қызметкер қаза тапты.

评论
其他材料