Вице-президент өткізген идеологиялық кеңесте Еңбек күні айтылды

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UzcWPS3OGekIbfZPYxMGbr7J7CzaX4bUdnQM9PIZ.webp

Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен идеологиялық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды “Адырна”. 

Жиынға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері мен әлеуметтік-мәдени және ақпараттық блоктарға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Отырыста ішкі саясаттың қазіргі күн тәртібі талқыланып, алдағы негізгі іс-шараларға, соның ішінде Еңбек күніне дайындық барысы қаралды.

Ерлан Қарин еңбекқорлық пен өркендеу идеологиясын ілгерілету бағытындағы жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Ақпараттық кеңістікте еңбек адамдарының жетістіктері мен өмір жолын тұрақты түрде насихаттап, олардың елдің дамуына қосып отырған үлесін көрсету маңызды. Сондай-ақ отандық IT-жобалар мен стартаптардың жетістіктеріне, жаңа цифрлық технологиялардың енгізілуіне назар аудару қажет», – деді ол.

Вице-Президенттің айтуынша, бұл жұмыс жекелеген іс-шаралармен шектелмей, тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ішкі саясаттың өзекті мәселелеріне қатысты нақты тапсырмалар берілді.

评论