Сметов жоқ. Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатындардың тізімі жарияланды

394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9FaIhjLfYnY1G6H3J8pTQr0UZ0NLaTWOgoWoSeeG.webp

Бакуде 4–11 қазан аралығында өтетін дзюдодан 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының алдын ала құрамы жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Қазақстандық спортшылар жекелей және аралас-командалық жарыстарда ел намысын қорғайды.

Жарысқа Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қатыспайды. 34 жастағы спортшы Париж Олимпиадасының алтын, Рио Олимпиадасының күміс және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар ол 2015 жылы әлем чемпионы атанған.

Сметовтің орнына -60 келі салмақта Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов сынға түседі.

Қазақстан құрамасының жекелей жарыстағы құрамы:
Ерлер:
* -60 кг: Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов;
* -66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов;
* -73 кг: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин;
* -81 кг: Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар;
* -90 кг: Данил Крылов.

Әйелдер:
* -48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева;
* -63 кг: Эсмигүл Куюлова;
* -78 кг: Аруна Жангельдина;
* +78 кг: Ақерке Рамазанова, Камила Берліқаш.

Аралас-командалық жарыста Қазақстан сапынан ерлер арасында Ерсұлтан Дүйсенхан (-73 кг), Данил Крылов (-90 кг), Ермахан Ануарбеков (-90 кг) және Жантілек Нұртілепұлы (+90 кг) татамиге шығады.

Әйелдер құрамына Дина Мұханбет (-57 кг), Дана Абдирова (-57 кг), Асхат Ажар (-70 кг), Мөлдір Нарынова (-70 кг), Ақерке Рамазанова (+78 кг) және Камила Берліқаш (+78 кг) енді.

Айта кетейік, Елдос Сметов 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтетін Азия ойындарына қатысады.

评论