Моңғолия басшысы Баян-Өлгийде Шыңғыс ханның алып портретін ашты

270
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EoLFwP7IHd0oOHMqTU8WaFLPIdtpvKp2VWmtbw21.png

Фото: montsame.mn 

Бүгін, 14 қыркүйек күні Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух Баян-Өлгий аймағына жұмыс сапарымен барып, Шыңғыс ханның алып портретін ресми түрде аштыдеп хабарлайды “Адырна”.

Президент Ухнаагийн Хурэлсухты аймақ орталығындағы Моңғолия батыры Мазимын Икей атындағы орталық алаңда мемлекеттік құрмет қарауылы қарсы алды.

Салтанатты рәсім барысында ел басшысы ұлттық киіммен Баян-Өлгий аймағының Өлгий сұмынындағы Бухун тауының баурайында орнатылған Шыңғыс ханның алып портретін ресми түрде ашып, азаматтарға үндеу жасады.

Шыңғыс ханның портреті Ухнаагийн Хурэлсухтың бастамасымен Баян-Өлгий аймағының Өлгий сұмынындағы Бухун тауының бөктерінде жасалған.

Баян-Өлгий аймағының орталығында Шыңғыс ханның портретінің бой көтеруі жергілікті тұрғындар, балалар мен жастар үшін маңызды. Бұл нысан Моңғолияның тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып-білуге, сондай-ақ ел тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетсек, Баян-Өлгий – Моңғолияның батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Аймақ Қазақстан, Қытай және Моңғолияның басқа өңірлерімен шектеседі. Өңірдің әкімшілік орталығы – Өлгий қаласы. 

Баян-Өлгий Моңғолиядағы қазақтар ең көп шоғырланған аймақ ретінде белгілі. Мұнда қазақ халқының тілі, салт-дәстүрі мен мәдениеті кеңінен сақталған. Аймақ тұрғындарының басым бөлігін қазақтар құрайды, сондықтан Баян-Өлгий Моңғолиядағы қазақ диаспорасының мәдени орталықтарының бірі саналады.

评论