"Жай әңгімелесу". Үндістандағы Путиннің Қазақстан басшысын шақыртуы назар аудартты

246
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/zZ76k7CJKCbKUZFN0EVKu3Pq8A2EaYP1GjxfxUmH.jpg

Фото: архив

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин БРИКС саммиті өтіп жатқан Нью-Делиде бейресми кездесу өткізді. Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, мемлекет басшылары мен делегацияларға арналған салтанатты қабылдаудан кейін Путин Тоқаевты Үндістандағы резиденциясына шақырған, деп хабарлайды “Адырна”.

Кремль бұл кездесудің болғанын растады. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, кездесу өткізу идеясы саммит барысында пайда болған.

“Президент Тоқаевты жай ғана әңгімелесіп, бейресми түрде сөйлесу үшін шақырды”, –деді Песков.

БРИКС саммиті 12–13 қыркүйек күндері Нью-Делиде өтуде. Оған ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары мен өкілдері, сондай-ақ серіктес елдер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиге бір күн бұрын келген. Әуежайда оны Үндістан үкіметінің өкілдері қарсы алып, Қазақстан делегациясына ұлттық билер мен құрмет қарауылының қатысуымен арнайы салтанатты рәсім ұйымдастырылды.

Сапар барысында Қазақстан Президенті «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сонымен қатар, оның бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған. Саммитке, атап айтқанда, Владимир Путин, Си Цзиньпин, Масуд Пезешкиан, Сирил Рамафоса және Абу-Дабидің тақ мұрагері Халед бин Мұхаммед бин Заид Әл Нахайян қатысуда.

评论