Премьерден – пәрмен. Жауапкершілік пен нәтиже үшін қажетті шешімдер уақыты

54
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dWiE3MbvsNJZSiHgZBA7Hvj3HKHgKJUpHzpwzc2Y.jpg

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің жаңа құрамына үндеу жасап, мемлекеттік органдар алдына қойылған міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыруға және шешімдерді жедел қабылдауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Үкімет басшысы министрлер кабинетінің отырысында айтты.

Олжас Бектенов жаңа Конституцияның күшіне енуі елдің саяси және экономикалық жаңғыруына жол ашқан тарихи кезең екенін атап өтті. Осыған байланысты Үкімет еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдауы қажет екенін айтты.

«Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет», – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдар жұмысының негізінде «Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» конституциялық қағидаттары тұруы тиіс екенін атап өтті.

Сонымен қатар ол Үкімет жұмысы озық қарқынмен жүргізіліп, нақты нәтижеге бағытталуы керектігін айтты.

«Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек», – деді Олжас Бектенов

评论