Қазақстан Президенті Италия Үкіметін тарихи жетістігімен құттықтады

183
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Toq5o67pZ0Kwy6mGeWDWH0EtiubBEMZTRFRdNZab.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониге арнайы құттықтау жолдады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған оның басшылығындағы кабинеттің Италия тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған Үкіметке айналуы себеп болған.
Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Италия премьер-министрінің елді дамытудағы еңбегі мен көшбасшылық қасиетін жоғары бағалады.

 «Италия Республикасының тарихындағы ең ұзақ уақыт қызмет атқарған Үкіметтің құрылуына байланысты Премьер-министр Джорджа Мелониге шын жүректен жылы лебізімді білдіремін. Оның парасатты әрі батыл басшылығы, Италияның ұлттық мүдделері мен абыройын қорғауға деген берік ұстанымы ел экономикасының тұрақты дамуына және халықаралық аренадағы беделінің нығаюына ықпал етті», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарға тоқталып, Джорджа Мелонидің Астана мен Рим арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

 

 

相关新闻

评论
相关新闻