Қазақстан-Қытай шекарасы. Сақал қыру талап етіле ме?

53
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pOQjjsHvqNZaGbFQbtfWA82LoY870zFEfsfhouxD.webp

Қазақстан азаматтары Қытаймен шекарадағы Қорғас өткізу бекетінде сақал қойған ер азаматтарға қатысты қосымша тексеру жүргізіліп жатқаны туралы ақпрат тарады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Олардың айтуынша, кейбір ер адамдардан сақалын қыру талап етілген.
Orda.kz дерегінше, жолаушылардың бірі Самат Авгановтан 2022 жылдан бері жұмыс бабымен Қытайға тұрақты қатынап жүрген. Алайда бұған дейін мұндай талапқа тап болмағанын айтады.
Оның айтуынша, 3 қыркүйекте Қорғас арқылы Қытайға өту кезінде қызметкерлер сақалын қыруды немесе Қазақстанға қайтуды ұсынған. Нәтижесінде ол және бірге жүрген азаматтар сақалдарын қырған.
Тағы бір жолаушы Шыңғыс Құдайбергенов мұндай тексерулердің бірнеше күннен бері жүргізіліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, сақалды ер азаматтарды полиция қызметкерлері тоқтатып, сақалын қыруды талап етеді. Кей жағдайда бұл үдеріс видеоға түсірілуі мүмкін.

Дегенмен, өзге ер адам желіде мұндай әрекет талап етілмегенін жазған.

Сақал қыру талап етілуі туралы ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Айта кетейік, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында сыртқы келбетке қатысты бірқатар шектеулер бұған дейін де болған. 2017 жылы аймақта «қалыптан тыс сақал» экстремистік идеологияның белгілерінің бірі ретінде қарастырылған.

评论