Ильхам Әлиев Джорджа Мелониді тарихи рекордымен құттықтады

386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/MWwwIaEnMmzBpZj4xuFfBqbTw7T5Z2BZ7I1Hnpgi.webp

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді ел тарихындағы үкімет басшысы қызметінде ең ұзақ уақыт отырған саяси көшбасшы атануымен құттықтады. Әзербайжан басшысы бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Ильхам Әлиевтің айтуынша, Джорджа Мелонидің бұл жетістігі оның көшбасшылық қабілетін, саяси табандылығын және Италия халқының оған деген сенімін көрсетеді.

«Италия Республикасының тарихындағы үкімет басшысы қызметінде ең ұзақ уақыт болу рекордын орнатқан Премьер-министр Джорджа Мелониді шын жүректен құттықтаймын. Бұл тарихи жетістік оның мықты көшбасшылығын, саяси табандылығын және Италия халқының сенімін көрсетеді», – деп жазды Әзербайжан Президенті.

Сонымен қатар Ильхам Әлиев Джорджа Мелонидің Әзербайжан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Ол екі ел арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастықтың алдағы уақытта да тереңдеп, кеңейе беретініне сенім білдірді.

Джорджа Мелони Италия үкіметін 2022 жылдың қазан айынан бері басқарып келеді. Ол Италияның «Италия бауырлары» (Fratelli d’Italia) партиясының жетекшісі. Мелонидің премьер-министр ретінде ұзақ уақыт қызмет атқаруы Италияның қазіргі саяси тарихындағы маңызды көрсеткіштердің бірі саналады.

评论
其他材料