Қазақстаннан соң. Үндістан премьері де соғысты тоқтатуға шақырды

217
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ZwtFur92sdmaOFghD542dWyHGjfmOiwzJVa1fdNC.webp

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Украинадағы «шексіз соғысты» тоқтатып, әскери қимылдарды аяқтауға шақырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы ол Бішкекте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде айтты.

Моди соғыс жалғасқан сайын адамзаттың бір қадам артқа шегінетінін атап өтті. Оның айтуынша, тараптар қақтығысты тоқтатып, бейбіт реттеуге бағыт алуы керек.

«Біз шексіз соғыстан соғыстың аяқталуына, әскери қимылдардың тоқтауына көшуіміз қажет. Бұл бағытта қозғалу бүкіл адамзат үшін өте маңызды», – деді Үндістан премьер-министрі.

Өз кезегінде Владимир Путин Ресейдің осы бағытта әрекет етіп жатқанын айтты.

«Рақмет. Біз осы жолмен келе жатырмыз», – деді Ресей президенті.

Моди мен Путин Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін Бішкектегі кездесуде, сондай-ақ қыркүйекте Үндістанда өтетін БРИКС саммитінде талқылауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Омбыда Ресей басшысымен кездескенде Ресей-Украина қақтығысын уақытша тоқтатуға шақырғанын жазған едік.

评论