Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма?

202
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/sqrs5NPEzQ190p2L1B3MqKaNZgsssudo01Q9MPNY.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда 1 қыркүйек – Білім күні мұғалімдерге гүл сыйлау мәселесіне қатысты түсініктеме берілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімге гүл сыйлауға толық тыйым салынбағанын айтты. Ведомствоның мәліметінше, ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр ретінде қала береді. Алайда бұл ата-аналар мен оқушылар үшін міндет болмауы тиіс. Гүл сыйлау немесе сыйламау – әр отбасының ерікті таңдауы. Министрлік білім беру ұйымдары ата-аналарға гүл немесе сыйлық сатып алуды міндеттемеуі, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұндай бастаманы өздері көтермеуі керектігін атап өтті.

Сондай-ақ гүлдің бағасы мен көлемінен бұрын оқушының мұғалімге деген құрметі маңызды екені айтылды.

Бұған дейін оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мектеп қабырғасында мұғалімдерге гүл немесе басқа да сыйлық беруге болмайтынын айтқан еді. Бұл мәлімдеме ата-аналар мен гүл сатумен айналысатын кәсіпкерлер арасында пікірталас туғызды.

评论