Мыңжасаров жүргізген мың репортаж...

213
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QFF8eSugQobN9hNUadpdqbz1SC7eoNEix5h8Bl2N.jpg

Қорғанбек Аманжолдың жеке парақшасынан 

28 тамызда отандық телевизия ардагері, белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Осы қазаға байланысты журналистің досы, ақын Қорғанбек Аманжол өлең арнады. 

МЫҢ ЖАСАҒЫР

Айналайын асыл дос Тілеуқабыл,
Азаматқа қиын-ау жылау да бір.
Арғы бетке асығыс аттандың-ау,
Достарыңның сабырын сынау ма бұл?!

Өшкеніне өзіңдей жалын ердің,
Қабырғасы қайысты қалың елдің.
Мыңжасаров жүргізген мың репортаж
Қазағымның ол да бір бағы дермін.

Өмірдегі өзің ең байыпты ұлан,
Телеарнада теңдессіз сайыпқыран.
Мәңгілікке мезгілсіз кетсең-дағы,
Құшағымды мен саған жайып тұрам.

Досым, сені сақтаймын жүрегімде,
Желбіретем Туыңды жыр елінде.
Кие қайда деймін-ау,
Кие сенде,
Қасиетті Түркістан түлегінде.

Семсер едің, сертшіл ең, серке де едің,
Емін-еркін еліңе еркеледің.
Жаның сенің жайылған Жайық еді,
Мәрттігіңмен мәйекті, көркем едің.

Айналайын айкөл дос Тілеуқабыл,
Бақида да болғай-ды дұғаң қабыл.
Мәңгілікке пәниден қанат қаққан,
Ұқсатамын өзіңді қыранға бір.

Сеңгірлерге, қыраным, шарықтай бер,
Суда жүзген, рухыңды балықтай көр.
Жүрегінде еліңнің мың жасағыр,
Қазағыңның көгінде қалықтай бер...

Қорғанбек Аманжол
28.08.2026

评论
其他材料