Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

57
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EhMUNevJmjfEQboQy7WXYMLIL2G2n1uHQUQiGcR1.webp

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт болды. Оқиға орнынан түсірілген фото және бейнематериалдар әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 12:35-те жабық типтегі механикалық тазарту қондырғыларының тұндырғышында тұтанған. Оқиға кезінде нысанда жұмыс жүргізілмеген. Кәсіпорынның мәліметінше, тұндырғыштың ішінде мұнай шламы жанған. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Зауыт штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу кәсіпорнының бірі. Кәсіпорын 1945 жылы пайдалануға берілген. Зауыт акцияларының 99 пайызы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тиесілі.

Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы жылына 5,5 миллион тонна мұнайды құрайды.

评论