Он алты жасқа толмағандарға әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынбақ

73
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cWN4A1oq32N2VE6UWNSXCPrcxmmKVcZqQOPCDI4t.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Жаңа Зеландия үкіметі 16 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желі қолдануына тыйым салуды көздейтін заң жобасын ұсынуы мүмкін, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Заң жобасы қабылданса, әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын тексеруге міндеттеледі. Ол үшін бет-әлпетті тану технологиясы немесе цифрлық құжаттар арқылы аккаунт иесінің жасы расталуы мүмкін.

Шектеу TikTok, Instagram, Facebook және Snapchat секілді платформаларға қатысты болуы ықтимал. Сонымен қатар әлеуметтік желі компаниялары жасөспірімдерге төнетін қауіптерді бағалап, оның алдын алу шараларын қабылдауға және үкіметке есеп беруге тиіс болады. Талаптарды орындамаған компанияларға айыппұл салу көзделген. Ал балалардың өзіне, ата-аналарына немесе қамқоршыларына жаза қолдану жоспарланбаған.

Жаңа Зеландия премьер-министрі Кристофер Лаксонның айтуынша, әлеуметтік желілер балаларды зиянды контентке тәуелді етіп, олар дайын емес қысымға ұшыратып отыр.

Үкімет дерегіне сәйкес, елдегі 13-17 жастағы әрбір үшінші жас әлеуметтік желіде күніне кемінде бес сағат өткізеді. Алайда заң жобасының қабылдануы әзірге белгісіз. Биліктегі кейбір саяси күштер әлеуметтік желіге толық тыйым салу жаңа мәселелерге әкелуі мүмкін деп есептейді.

评论