"Еліміз үшін тарихи күн". Мемлекет басшысы сайлауда дауыс берді

157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BSvGC79G9WgwHiyuwSczPRJCiV1L0nETkmtjPi1W.jpg

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Президент Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Содан кейін Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг өткізді

"Шын мәнінде, бүгін – еліміз үшін тарихи күн. Тұңғыш рет бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізіп отырмыз. Бұл – маңызды тарихи оқиға. Біз біртұтас ел болып, ауқымды реформалар жүргізіп жатырмыз. Мұны бәріңіз білесіздер, куә болып отырсыздар. Ойдағыдай нәтижелерге қол жеткіздік. Дегенмен алдымызда тұрған жұмыс ауқымды, мақсатымыз маңызды деп айтуға болады. Бүгінгі сайлау – осы жұмыстың бастауы ғана", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

 

 

评论
其他材料