Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берді

178
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dME3Q5rcuCwt0zCHJHky63hMYEky4e0P4hyXHqwg.jpg

Фото: tv24kz_kaz

Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды "Адырна".

Дауыс бергеннен кейін ол бүгінгі саяси науқанның ел үшін маңызына тоқталды.

"Бұл сайлау шын мәнінде қатардағы сайлау емес. Әрине, кез келген сайлау науқаны маңызды. Бірақ бұл жолғы сайлауды тарихи оқиға деп айтуға болады. Себебі наурыз айында біз жаңа Конституцияға дауыс бердік. Бірінші кезеңде жаңа Конституция күшіне енді. Ал бүгінгі сайлаудың нәтижесінде жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрамы анықталмақ. Сондықтан бұл – жаңа дәуірдің бастауы", – деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қарин сайлаудың маңызы тек мемлекеттік институттардың жаңаруымен шектелмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, Президент жүргізіп жатқан реформалар қоғамдық-саяси үдерістерге де жаңа серпін беріп отыр.

"Қоғамдық кеңістікке жаңа тұлғалар, жаңа күштер келіп жатыр. Жалпы қоғамдық саясаттың күн тәртібі жаңаруда. Қазіргі өзгерістер мен реформалар ауқымы, қарқыны және динамикасы жағынан еліміздегі соңғы онжылдықтардағы ең ірі жаңғыру үдерістерінің бірі деп айтуға болады. Бұл өзгерістердің ауқымын тек Қазақстанмен ғана емес, тұтас өңір көлеміндегі үдерістермен салыстыруға болады", – деді ол.

评论
其他材料