Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс жариялады

324
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DCjmALQZkybjZL0cSzl5dgKTSi1aADJDyCz1MIFE.webp

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол 20 тамызда өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін мен ең жойқын экономикалық операцияны бастайтынымды жариялаймын. Бұл бұрын-соңды болмаған ауқымдағы экономикалық соғыс пен оқшаулау болады», – деп жазды Трамп.

Сонымен қатар ол Иранды қолдайтын немесе онымен бизнес жүргізетін кез келген елге «аса қатаң» санкциялар салынатынын ескертті.

«Иран тарапынан төнетін қауіп-қатерді оқшаулап, жеңу үшін барлық одақтасымыздың қолдауы қажет», – деп атап өтті Трамп.

Бұған дейін АҚШ Иранның мұнай, теңіз тасымалы және қаржы секторларына ауқымды санкциялар енгізіп, Тегеранның энергия ресурстарын экспорттаудан түсетін табысын шектеуге тырысқан болатын. Трамптың соңғы мәлімдемесі сәуір айының басында жарияланған «Экономикалық қаһар» операциясы аясындағы қысым науқанының жалғасы болуы мүмкін.

18 тамызда Біріккен Араб Әмірліктері Иранмен барлық сауда-саттықты, коммерциялық алмасуды және қаржылық операцияларды қосымша ескертуге дейін тоқтататынын мәлімдеген еді.

БАӘ билігі Тегеранды ел аумағына қарай екі зымыран ұшырды деп айыптап, шабуылдың нысанасы теңіздегі кеме қатынасы болғанын мәлімдеді. Иран бұл айыптауларды жоққа шығарды.

评论