Ресей жағы Қазақстанның Украина келіссөзіне алаң ұсынғанын айтты

235
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/S3pxHpnSR1da79IU40ck6DnbM7o0W4hLpkm5jEl8.webp

Қазақстан Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі келіссөздер үшін өз алаңын бірнеше рет ұсынғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин ТАСС-қа берген сұхбатында айтқан.

Михаил Галузин Қазақстан басшылығының Украинадағы жағдайға назар аударып, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған бастамаларын Ресей тарапы жоғары бағалайтынын атап өтті.

«Астана келіссөздер өткізу үшін өз алаңын бірнеше рет ұсынды», – деді Ресей СІМ басшысының орынбасары. 

Оның айтуынша, Ресей мен Қазақстан арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптасқан. Бұл тараптарға стратегиялық маңызы бар бірқатар мәселе бойынша ашық диалог жүргізуге мүмкіндік береді.

Галузин Қазақстанды Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы жақын серіктестерінің бірі әрі одақтасы деп атады.

Ресей СІМ өкілі Мәскеу Украинадағы жағдайды реттеуге қатысты Анкоридждегі келісімдерге адалдығын сақтап отырғанын да айтты.

«Украина төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге болады деп санаймыз. Ол үшін тиісті саяси ерік қажет», – деді Михаил Галузин.

Бұған дейін Қазақстан тарапы халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге алаң ұсынуға дайын екенін бірнеше рет хабарлаған.

评论