Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

166
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BPAnBbiqG4r8gGQgmH2uJcaUXoGqQrnuhi8yFyD9.jpg

 Жыл басынан бері Қызылорда облысы аумағында 300 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2%-ға артық (2025 жылы – 288). Өрт салдарынан 3 адам қаза тауып (2025 жылы – 4), 10 адам жарақат алды, бұл өткен жылдың деңгейімен бірдей.

 Өрттердің 165-і тұрғын үй секторында орын алып, олардың 70 пайыздан астамы тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан туындаған.

Өрт қауіпті кезең басталғалы жеке және заңды тұлғаларға қатысты 596 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 11 млн 410 мың теңге айыппұл салынды. Оның ішінде 77 дерек қураған шөп, қамыс және қоқыс қалдықтарын өртеу фактілері бойынша тіркелді.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, экология департаментімен және еріктілермен бірлесіп өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Аталған іс-шаралар барысында азаматтарға қоқыс қалдықтарын, қураған шөп пен қамысты өртеу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336 бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғатыны түсіндіріліп, белгіленген мөлшерде әкімшілік айыппұл көзделгені туралы ескертілді. 
 
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға, қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртемеуге және өрттің туындауына жол бермеуге шақырады.

评论
其他材料