Иранда әйел полицей наразылықтарға қатысқаны үшін ұсталды

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/JbD9AdEZFLBI8NA1L6qlYeuXbFsz1mgqM6IwpJMF.jpg

Иранда қаңтар айындағы наразылықтар кезінде жоғары лауазымды полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы «Свободный Иран» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Хорасан-Разави провинциясының киберполиция басқармасы (ФАТА) басшысының орынбасары, полковник Шахрзад Замири биылғы қаңтардағы наразылықтар кезінде Иран Ислам Республикасының қауіпсіздік күштері тарапынан қамауға алынды»,– делінген хабарламада.

Ирандық әйел қазір Мешхед қаласындағы Вакилабад түрмесінде отыр. Ұсталғаннан кейін ол шамамен екі ай бойы жалғыз адамдық камерада болған. Осы уақыт аралығында оған отбасы мүшелерімен кездесуге және телефон арқылы байланысуға тыйым салынған.

Мәліметтерге сәйкес, Шахрзад Замири бірнеше рет тергеуге алынған, алайда әлі күнге дейін адвокат көмегіне қол жеткізе алмаған. Оның ісі әзірге сотқа дейінгі тергеу сатысында.

Сондай-ақ Шахрзад Замириге тиесілі мүліктің тәркіленгені хабарланды. Оған қаңтардағы наразылықтарға қатысқаны және наразылық білдірушілерге көмектескені үшін айып тағылып отыр.

评论
其他材料