Төрт қызы бар жалғызбасты әке жол апатынан қаза тапты

103
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pghYa23x60GWPJNCvSCGPm5h3f6yoYhbzkiAHs42.webp

Орал қаласы маңында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мой город басылымының мәліметінше, қаза тапқан — адам төрт қызын жалғыз тәрбиелеп келген 47 жастағы Роман Бондарь.

Қайғылы оқиға 27 шілде күні Деркөл кенті маңындағы айналма жолда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, үш көлік соғысқан.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Соның салдарынан көлік Volkswagen Golf автомобилімен бетпе-бет соқтығысқан. Артынша сол бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы Volkswagen көлігінің артқы бөлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан Volkswagen Golf жүргізушісі Роман Бондарь оқиға орнында алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды.

Марқұм өткен жылдың қараша айында жұбайынан айырылғаннан кейін төрт қызын жалғыз өзі тәрбиелеп келген. Ең кенже қызы тоғыз жаста.

Қазір полиция жол апатына қатысты деректерді анықтап жатыр. 

评论