Тамыз-2026. Қосымша демалысы жоқ ай

95
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/0CXmgCi7Csl3GS8mQKyt94TSF4Te9gdmKrumprRB.jpg

2026 жылдың тамыз айында қазақстандықтарға қосымша мерекелік демалыс берілмейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

30 тамыз деп бекітілген Конституция күні 15 наурызға ауысқаннан кейін қазақстандықтар тамыз айында қосымша демалмайды.

Өндірістік күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар тамыз айында 21 жұмыс күні жұмыс істеп, 10 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер үшін 26 жұмыс күні және 5 демалыс күні қарастырылған.

Сонымен қатар тамыз айында елімізде бірнеше кәсіби және атаулы күн аталып өтеді. Атап айтқанда:

тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;

10 тамыз – Абай күні;

тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні;

тамыздың үшінші жексенбісі – Спорт күні;

18 тамыз – Шекарашылар күні;

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;

тамыздың соңғы жексенбісі – Шахтерлер күні.

Аталған күндер ресми мереке және демалыс күні болып саналмайды. 

评论