Тәжірибелі мамандар тоғысқан әрі басты фаворит: Ғазиз Әбішев «Әділет» партиясының қадамын бағалады

230
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/QXFgVRrorBIGTOHu6Aykb6ZiilPzkreZvVkvrXqr.jpg

Қазақстандағы сайлауалды үгіт-насихаттың басы - саяси маусымның жұмбағын шешіп бергендей. Белгілі саясаттанушы Ғазиз Әбішев бәйгеге қатысып жатқан партиялардың алғашқы қадамын сараптай келе, «Әділет» партиясының алғашқы күннен-ақ науқанды сенімді түрде бастағанын айтты.

«Партиялар үгіт-насихат науқанын жүргізіп жатыр. «Әділет» партиясы бәйгені қарқынды түрде бастады », – дейді сарапшы.

Партия құрамының басты артықшылығы – бұл жерге нағыз мамандар топтасқан. Әбішевтің пікірінше, «Әділет» өз туының астына жай ғана танымал адамдарды емес, нағыз ел басқарған тәжірибелі тұлғалар мен білікті мамандардың біртұтас тобын жинай білді.

«Әділет» партиясы білікті әрі тәжірибелі мамандардың ұжымын құрай алды. Осыны ескерген жөн», – дейді ол.

Партияның саяси әлеуетін есімі елге танымал жетекшілер мен беделді тұлғалар қалыптастырып отыр. Олардың қатарында Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин, Президент Телерадиокешенінің басшысы Раушан Қажыбаева және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басшысы Бағдат Мусин бар.

Партияның заңнамалық және институционалдық базасын құқық пен қаржы мәселесінде мол тәжірибесі бар мемлекет қайраткерлері толықтырып отыр. Олардың арасында Астана халықаралық қаржы орталығының басшысы Ринат Бектұров, Есеп комитетінің бұрынғы төрайымы Наталья Годунова, Сенаттың бұрынғы вице-спикері Ольга Перепечина, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, сондай-ақ беделді заңгерлер Мұрат Әбенов, Марат Башимов, Снежанна Имашева, Татьяна Савельева, Айдос Сарым, Жұлдыз Сүлейменова және Максим Рожин, Сергей Пономарёв, Ерлан Саиров, Екатерина Смышляева сияқты қазіргі халық қалаулылары бар.

Осы ретте партияның басты әлеуметтік арқауы – өндіріс пен басқа да салалардан келген мамандар екенін айта кету керек. Бұл сапта металлург Вадим Басин, энергетик Сұңғат Есімханов, ауыл шаруашылығы өкілдері Геннадий Зенченко мен Илья Теренченко, педагог Шолпан Каринова, жоғары оқу орнының ректоры Лаура Қарабасова, полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев, өнеркәсіп маманы Андрей Лаврентьев, автожолшы Замир Сағинов, тілші-ғалым Анар Фазылжан және Орталық сайлау комиссиясы төрағасының бұрынғы орынбасары Константин Петров бар.

Партия өзінің интеллектуалдық әлеуетін сарапшылар Марат Шибұтов, медиа саласының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова және бұрынғы уәкіл Динара Закиевамен толықтырған. Ал заңгер Айжан Аймағанова, гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева, сарапшы Нұрбек Матжани және журналист Ульяна Ашимова партияға жаңа леп пен тың көзқарас алып келді. Әбішев атап өткендей, олардың көбі қалың жұртқа кеңінен таныс болмаса да, кәсіби білігі мол мамандар.

Алдағы үгіт-насихат додасындағы партияның ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін сипаттай келе, Ғазиз Әбішев партияның ресурстық қорының мол екенін атап өтті.

«Әділеттің» аймақтарда тармақталған желісі барын және ауқымды ақпараттық-насихат жасауға мүмкіндігі бар екенін ескерсек, сайлауалды науқаны өте қарқынды өтуі тиіс. Бұл – жаңа партия, сондықтан сайлаушылардың басым бөлігін қамтып, өзін жаңа күш ретінде таныстыруы қажет. Әзірше қаржылық, кадрлық және өзге де мүмкіндіктері толығымен жетіп тұрғанға ұқсайды», – деп түйіндеді.

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров

评论