Әмірліктерде жүрген қазақстандықтар жүргізуші куәлігін пайдалана алады

192
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mCpGzGrGz3JLmsgkqKTiaEZmfCojJqJAP63BGiJ8.webp

25 шілдеден бастап Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында келісімге қол қойылған.

Жаңа құжатқа сәйкес, БАӘ-де уақытша жүрген Қазақстан азаматтары Әмірліктердің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қазақстандық жүргізуші куәлігін пайдалана алады.

Ал Қазақстан азаматтары БАӘ-ге тұрақты тұруға көшкен жағдайда «B» санаты (жеңіл автомобильдер) және «B1» кіші санаты (үш дөңгелекті көлік құралдары мен квадроциклдер) бойынша теориялық және практикалық емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін жергілікті куәлікке айырбастай алады.

Дәл осындай жеңілдетілген тәртіп Қазақстанға тұрақты тұруға келген Біріккен Араб Әмірліктері азаматтарына да қолданылады.

评论