20 күнде Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанар-жағармай заңсыз шығарылмақ болған

226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9WkR5CBszCnFwUYauQU5Pz05DGAXCCKnAvUB4Cpn.webp

Қазақстаннан 112 тоннадан астам жанармайды заңсыз алып шығу әрекеті тоқтатылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Тек осы жылдың 1 - 21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген. Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды. Бұл әрекеттер елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ЖЖМ көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған»,– делінген хабарламада.

ҰҚК аталған бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

Бұған дейін Қазақстаннан Ресейге 5 мың тонна бензин жеткізілгенін жазған едік.

评论